18 қаңтар 2021 09:12

Ухандық вирусологтар 2017 жылы оларды жарқанаттар шағып алғанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ухан вирусология институтының маманы Ши Чжэнли. © CGTN Ухан вирусология институтының маманы Ши Чжэнли. © CGTN

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар шағып алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар шағып алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым 2017 жылы қытайлық CCTV телеарнасы түсірген сюжетті жариялады. Видеода ғалымдар жарқанаттармен маскасыз және қолғапсыз ДДҰ-ның ережелерін өрескел бұзып жұмыс істеген. Сол кездің өзінде сүтқоректілер түрлі жұқпалы вирусты тасымалдаушы екені белгілі болған. 

Зерттеушілердің бірі оны жарқанат тістеген кезде, ол резеңке қолғапты "ине сияқты" тесіп жатқанын сезгенін айтады. Одан кейін ғалым бұған құтыруға қарсы екпе салдырғандықтан мән бермеген. 

Мемлекеттік арна сюжетінде әйгілі вирусолог Ши Чжэнлидің SARS-тың шығу тегі туралы зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетіні туралы айтылды. Кадрлар биоқауіпсіздіктің төртінші деңгейіндегі зертханаларда да ғалымдар қажет қорғаныссыз зертхана жарқанаттармен жұмыс істеген, оларды қолғапсыз ұстаған. 

Сондай-ақ, басылым China Science Exploration мақаласынан үзінділер келтіреді, онда Ши Чжэнли оның жұмысы "көптеген адам ойлағандай қауіпті емес" екенін және "адамның жарқанаттан жұқтыру ықтималдығы өте аз" екенін айтқан.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ухан вирусология институтынан COVID-19 коронавирусының пайда болуы туралы ақпарат барын мәлімдеді.

"АҚШ билігі бүгін 2019 жылы Қытайдың мемлекеттік зертханаларындағы қызмет туралы жаңа ақпаратты хабарлады", - делінген Помпеоның жазбаша мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, АҚШ Ухан вирусология институтының бірнеше зерттеушісі 2019 жылдың жазында - COVID-19 алғаш тіркелгенге дейін жұқтырды деп айтуға негіз бар.

Сонымен қатар, Помпео вирусология институты әскери зерттеулермен байланысты екенін айтады.

"Ухан вирусология институты азаматтық болып көрінсе де, ол қытай әскери күштерімен жарияланымдар мен құпия жобаларда жұмыс істеді", - делінген Помпео хабарламасында.

"COVID-19 пандемиясының алдын алуға болар еді. Жауапкершілікті сезетін кез келген ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау сарапшыларын Уханға бірнеше күн ішінде шақырар еді", - деді Помпео.

Помпео мәлімдемесін осы аптада Қытайға коронавирус пандемиясының шығу себептерін зерттеуге келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инспекторларына жолдады. Ол ДДҰ сарапшыларына зертханалардың барлық нысанына, қызметкеріне, куәгері мен шағымданушыға қол жетімді болуын қамтамасыз етуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети