ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2022 | 09:37
Уилл Смитке 10 жыл "Оскарға" қатысуға тыйым салынды: актер жауабы қандай?
АҚШ киноакадемиясы Уилл Смитке өзінің іс-шараларына, соның ішінде "Оскар" рәсіміне қатысуға 10 жылға тыйым салды. Бұл туралы кәсіби бірлестіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ киноакадемиясы Уилл Смитке өзінің іс-шараларына, соның ішінде "Оскар" рәсіміне қатысуға 10 жылға тыйым салды. Бұл туралы кәсіби бірлестіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін киноакадемия басқармасы 10 жылға шешім қабылдады, 2022 жылдың 8 сәуірінен бастап Смит мырзаға киноакадемияның барлық іс-шарасы мен бағдарламаларына өзі және виртуалды форматта да баруға тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұл "Оскарға" және басқаларына қатысты", - делінген хабарламада.
Хабарламада 94-ші Оскар сыйлығында 2021 жылы керемет жұмыс жасаған көптеген адамға құрмет көрсетілуі керек делінген. "Алайда бұл сәттер Смит мырзаның сахнада көрсеткен орынсыз мінез-құлқына байланысты бүлінді", - деді АҚШ Кинематографиялық өнер және ғылымдар академиясының президенті және бас атқарушы директоры Дэвид Рубин мен Дон Хадсон.
Америкалық актер бұл шешімге жауап берді.
"Мен академияның шешімін қабылдаймын және құрметтеймін", - деді ол.
Бұған дейін Смит өз қалауымен киноакадемиктердің қатарынан кеткен болатын.
Еске салайық, оқиға "Оскар" жеңімпаздарын мараттау кешінде болды. Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін, Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрып жіберді. Актер орнына оралғаннан кейін Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. Айта кетейік, бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также