28 наурыз 2022 09:56

Уилл Смит "Оскар" жүргізушісін шапалақпен ұрды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Король Ричард" фильмі үшін "Оскар" алған америкалық актер Уилл Смит әйелінің сөзін сөйлеп кеш жүргізушісі Крис Рокты шапалақпен ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.


"Король Ричард" фильмі үшін "Оскар" алған америкалық актер Уилл Смит әйелінің сөзін сөйлеп кеш жүргізушісі Крис Рокты шапалақпен ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға "Оскар" жеңімпаздарын мараттау кешінде Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін болды.

"Мен сені жақсы көремін, Джейда, сені "Солдат Джейн 2" фильмінде көруді асыға күтемін", - деді жүргізуші актрисаны "Солдат Джейн" фильміндегі Деми Мур кейіпкерімен салыстырып. Осыған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді. 

Осы сөздерден кейін Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрады. Актер орнына оралғаннан кейін ол Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. Ұйымдастырушылар дыбысты өшіргеніне қарамастан, Смиттің ашуланғанын мимикасынан-ақ байқауға болады.

Бір қызығы, оқиғаның видеосынан Смит алғашында аудиториямен бірге жүргізушінің әзіліне күлгенін, бірақ оның әйеліне бұл әзіл ұнамағанын байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети