Уилл Смиттің әйелі "Оскардағы" жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уилл Смиттің әйелі "Оскардағы" жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді ©REUTERS

Америкалық актер Уилл Смиттің әйелі Джада Пинкетт-Смит "Оскар" сыйлығындағы жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық актер Уилл Смиттің әйелі Джада Пинкетт-Смит "Оскар" сыйлығындағы жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Джада Пинкетт-Смит Instagram парақшасында қысқаша жазба жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jada Pinkett Smith (@jadapinkettsmith)

"Бұл сауықтыру маусымы, мен сондықтан осындамын", - делінген оның жазбасында. Ол сонымен қатар суретке пікір жазуға шектеу қойған.

Еске салайық, Уилл Смит жексенбіде Лос-Анджелестегі 2022 жылғы "Оскар" сыйлығында теннисшілер Винус пен Серена Уильямстың балалық шағы туралы "Король Ричард" фильмі үшін "Үздік ер адам ролі" жүлдесін жеңіп алды.

Оқиға "Оскар" жеңімпаздарын мараттау кешінде Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісін әзілдегеннен кейін болды. Бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді. Осы сөздерден кейін Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрады. Актер орнына оралғаннан кейін ол Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. 

Кейін актер америкалық киноакадемиясынан, шоуды ұйымдастырушылардан және жиналғандардан, сондай-ақ көрерменнен кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети