Украина бірнеше аймақта жарылыс болғанын хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина бірнеше аймақта жарылыс болғанын хабарлады видео кадры

Украинаның бірнеше аймағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның бірнеше аймағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

УНИАН ақпарат агенттігінің Telegram-арнасы мәліметінше, бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланған. Бірқатар аймақ билігі шабуылдар туралы хабарлады. Украинаның Винница облысында "дәл тиген соққылар бар", деп хабарлады облыс әкімшілігінің басшысы Сергей Борзов Telegram-арнасында. Борзовтың хабарламасында бастапқыда "Ладыжинск ЖЭС-іне шабуыл" туралы айтылған, қазір облыс басшысы арнасында мұндай жазба жоқ екені атап өтілді.

Ладыжин қаласының әкімшілігі Facebook желісінде жылу электр орталығында электр жабдықтары зақымданғанын, онда тек аса қажет қызметкерлер қалғанын хабарлады.

Одесса облысында да жарылыс болғаны хабарланды. Жарылыстар Ровно облысы мен Кривой Рогта да (Днепропетровск облысы) тіркелген. Кривой Рог басшысы Александр Вилкул Telegram-арнасында тұрғындардан паналарына баруды сұрады.

Киев облысының басшысы Алексей Кулеба Facebook желісінде аймақта әуе қорғанысы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Әуе қорғанысы жұмысы туралы Николаев облыстық әкімшілігі басшысы Виталий Ким де хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети