Украина депутаттарының дені Киевтен кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина депутаттарының дені Киевтен кетіп қалды Украина депутаттары парламенттің арнайы сессиясында. 20 ақпан 2014 жыл. ©REUTERS

Киевте тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр, депутаттар, шенеуніктер мен билік органдарына жақын басқа да адамдар астанадан кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап. Парламент депутаттарының шұғыл отырысы өтетін күні "Аймақтар партиясы" мүшелері, басқа да шенеуніктер Киевтен жаппай кетіп қалды. Жергілікті журналистер мұндай ақпаратты "Борисполь" әуежайының чартерлік рейстеріндегі жолаушылар тізіміне сүйеніп таратып жатыр. 20 ақпан күні депутат Тариэл Васадзе мен депутат әрі Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының қарындасы Юлия Левочкина балаларымен бірге Украина астанасынан кетті. Бизнесмен Иван Аврамов, милиция полковнигі, "Бүркіт" жасағының Днепропетровск облысындағы бөлімшесінің командирі Андрей Ткаченко, депутат Вячеслав Богуслаевтар да Киевтен ұшып шықты. "Украинская правда" Киевтегі "Жуляна" әуежайынан ұшқан жолаушылар тізімін жария еткен Twitter қолданушыларының бірінің мәліметі туралы да жазды. Ол тізімге сәйкес, Киевтен депутат Татьяна Бахтеева мен вице-премьер Константин Грищенко да кетіп қалған. Ал кейбір депутаттар тек отбасы мүшелерін ғана шетелге шығарып жіберген. Мысалы, Эльбрус Тадеевтің әйелі мен балалары Ресейге кеткен. Бұған дейін жергілікті баспасөзде Виктор Януковичтің екі ұлының отбасымен бірге Украинадан кетіп қалғанын жазып еді. Бірақ Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады. Сонымен бірге, бұған дейін Украинадағы ең бай адамдардың бірі Ринат Ахметов пен Жоғарғы Рада спикері Владимир Рыбактың да елді тастап кеткені айтылған болатын. Дегенмен олардың өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Соңғы мәлімет бойынша, Киевте тәртіпсіздік құрбандарының қатары 77-ге жеткен болатын. Жараланғандар саны 577. Қақтығыстардың салдарынан қалада көлік қатынасының барлық түрі шектелген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети