Украина өздерін республика деп жариялаған Донецкі Халықтық Республикасы мен Луганскі Халықтық Республикасын лаңкестік ұйым деп тану туралы талап дайындау үстінде. Бұл туралы Нидерланды сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесу кезінде Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Порошенко малайзиялық Malaysia Airlines авиокомпаниясыа қарасты Boeing-777 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Нидерланды халқына көңіл айтты. Порошенко өзінің тапсырмасы бойынша қайғылы жағдайға қатысты халықаралық ICAO аясында тексеру жүргізу үшін Украина үкіметінің қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. Сондай-ақ ол, Украинаның апаттың себептерін анықтау бойынша жұмыс атқаратын ЕҚЫҰ арнайы миссиясы мүшелерінің тексеруіне ешкімнің араласуына жол бермейтінін атап өтті.
Өз кезегінде Нидерланды сыртқы істер министрі Boeing-777 апатқа ұшыраған жердегі жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдірді. "Біз мәйіттердің бір жерден екінші жерге көшіп жүруіне қатысты өте алаңдаулымыз" деді Тиммерманс.
"Дәлелдер тапқан соң біз оны сотқа дейін жеткізгенше тоқтамаймыз" деп атап өтті Тиммерманс. "Бұл жерде сөз тек қару түймесін басқандар жайлы ғана емес, әңгіме кімнің тапсырыс бергенінде. Менің ойымша осыған орай халықаралық қауымдастық бірігуі керек" дейді Нидерланды сыртқы істер министрі.
Естеріңізге сала кетсек, 17 шілде күні малайзиялық Malaysia Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан 298 адам қаза болды. Ұшақ Амстердам - Куала-Лумпур бағыты бойынша сапар шеккен. Аса жоғарыдағы ұшақты атып түсіретін қаруы бар екенін алға тартқан Киев билігі апатқа жасақшыларды кінәлады.