Украина БҰҰ-на елдің шығысында бірігіп операция өткізуге ұсыныс білдірді. Бұл туралы Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесу барысына айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Егер сіздердің көмектеріңізбен елдің шығысында антитеррорлық операция өткізілер болса біз қолдауға дайынбыз. Мұндай болған жағдайда арнайы мамандар мен бақылаушылар құқық қорғау жолындағы біздің әрекетіміздің дұрыстығына өздері көз жеткізе алатын еді" - деді Турчинов Пан Ги Мунмен сөйлесу барысында.
Өз кезегінде Пан Ги Мун Украинаға БҰҰ-на сенуіне болатынын және оларды қолдайтынын мәлім еткен.
Бұған дейін елдегі "Батькивщина" партиясының лидері Юлия Тимошенко әлем көшбасшыларынан әскери көмек сұраған болатын. Тимощенко өз мәлімдемесінде "Біз өзімізді қорғай алатынымызды дәлелдеуіміз керек. Сол кеде әлем бізге қолұшын созады. Мен барлық мемлекеттің көшбасшыларынан Ресейге қарсы санкцияның үшінші кезеңін жариялауды сұраймын. Сондай-ақ әлем көшбасшыларынан өзінің тәуелсіздігі үшін күресетін украин халқына әскери көмек көрсетуін өтінемін" деген болатын.