"Украина жеңеді". Борис Джонсон Киевке әскери көмек пакетін жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбіде Украинаның Жоғарғы Радасында сөз сөйлеп, Киевке әскери көмектің жаңа пакетін жариялады, - деп хабарлайды Euronews

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбіде Украинаның Жоғарғы Радасында сөз сөйлеп, Киевке әскери көмектің жаңа пакетін жариялады, - деп хабарлайды Euronews

Оның айтуынша, әңгіме жалпы құны 300 миллион фунт стерлинг болатын радарлар, ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен шабуыл қарулары туралы болып отыр.

"Біз ұзақ мерзімді мақсатымызға жеткенше сіздердің басқа достарыңыз секілді Украинаны қару-жарақпен, қаражатпен және гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Біз Украинаны сіздерге енді ешкім ешқашан шабуыл жасауға батылы бармайтындай етіп күшейтуіміз керек", - деді Джонсон.

Ұлыбритания премьер-министрі қазір Украина Ресейді жеңетініне сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, шабуылды бастау арқылы Путин өлімге әкелетін қателік жасады және соның салдарынан өз елінің әлсіздігін көрсетті. Джонсон "агрессордың қатыгез күші бостандық таңдаған халыққа ештеңе істей алмайды" деп атап өтті.

"Украиналықтар өз табандылығымен, құрбандықтарымен өз тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықты мылтық пен танк баса алмайтынын дәлелдеді, сондықтан мен Украина жеңетініне сенемін", - деп келтірді саясаткердің сөзін "Европейская правда".

"Украина ресейлік агрессияға қарсы тұра отырып, Путин жеңілмейтіні туралы мифті жойды", - деп қосты Ұлыбритания премьер-министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro