Украина Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерін қайтарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерін қайтарады Фото: ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерді шұғыл қайтаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерді шұғыл қайтаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қырғызстандағы елшіні Украинаға қарсы агрессияны ақтау бойынша кеңес алуға дереу қайтарамыз. Грузиядағы елшіні көмектескісі келетін еріктілерге кедергі жасау, санкцияларға қатысты негізсіз ұстаным бойынша дереу шақыртамыз", - деді Зеленский видео-үндеуінде.

Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Ресейге қарсы санкцияларға қосылғысы келмейтінін мәлімдеген.

26 ақпанда Кремльдің баспасөз қызметі Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресейдің арнайы операция жүргізуін қолдағанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети