Украина ІІМ "Беркут" арнайы жасағының жауынгерлерін Пасха мерекесімен құттықтады және оларды қызметтеріне қайта оралуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Украина ІІМ "Беркут" арнайы жасағының жауынгерлерін Пасха мерекесімен құттықтады және оларды қызметтеріне қайта оралуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың ақпан айының аяғында Киевтегі радикалдарға қарсы шыққан "Беркут" арнайы жасағының жауынгерлері елдегі билік ауысқаннан кейін таратылған еді. Украинаның жаңа билігі "Беркут" жасағының 20 жауынгерін Майдандағы атысқа қатысты дер күдіктенді. Алайда арнайы жасақ жауынгерлері бұл айыптауларға қарсы шықты.
Бұрынғы Ішкі істер министрі Виталий Захарченко "Беркут" жауынгерлерінің барлық іс-шараларға ешқандай қарусыз шыққанын айтқан болатын. Алайда Киевтегі қарулы қақтығыста құқық қорғау органдарының 14 қызметкері оққа ұшқан, ондаған қызметкер жараланды.
"Біз, Украина ІІД әкімдігінің мүшелері "Беркуттың" бұрынғы қызметкерлеріне қайта оралуын өтінеміз. Сіздер әрқашанда құқық қорғау органдарының элитасы болдыңыздар. Сіздер адамдарды қорғау үшін ешқашан күштеріңізді де, өмірлеріңізді де аяған жоқсыздар. Қазіргі таңда Украина сіздердің көмектеріңізге зәру" делінген министрліктің хабарламасында.
"Майдандағы өзін өзі қорғаушылар мен "Беркут" жауынгерлері бөгеттің екі жақта болғаны рас. Алайда қазіргі таңда барлық азаматтар арадағы түсінбестікті, өкпені ұмытуы керек" дейді министрліктегілер. Ресей президенті Владимир Путин "Беркут" жауынгерлерінің өз қызметтерін абыроймен атқарғандарын, билік оларға әділетсіз әрекет еткенін айтқан болатын. Тіпті Ресей Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев "Беркут" жауынегерлерін Ресейге шақырып, олардың өздеріне және отбасыларына барынша жағдай жасайтынын жеткізген еді.