04 наурыз 2022 | 12:44

Украина мен Ресей қақтығысы: бір аптада оқиға қалай өрбіді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Tengrinews.kz тілшісі кейінгі бір аптада Украина мен Ресей арасындағы негізгі оқиғаларды баяндайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі кейінгі бір аптада Украина мен Ресей арасындағы негізгі оқиғаларды баяндайды. 

21 ақпанда Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі республикалармен достық және ынтымақтастық туралы шарттарды ратификациялады. Алайда 23 ақпанда жағдай шиеленісе түсті. 

Путин әскери операция басталғанын мәлімдеді

24 ақпанға қараған түні Владимир Путин шұғыл түрде видеоүндеу жасады. Ол Федерал арналарда Донбасста "әскери операция" басталғанын мәлімдеді. Ол бұл шешімін БҰҰ жарғысының 51-бабына және Федерация Кеңесінің санкциясына сәйкес деп негіздеген еді. "Біз Украинаны қарусыздандыруға және нацизмнен арылтуға ұмтыламыз, Украинаны басып алу біздің жоспарымызға кірмейді", - деді Путин. 

Сонымен қатар, Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін үш шартты атады. Біріншіден, Севастополь мен Қырымда тұратын адамдардың ерік-жігерін тану. Екінішіден, Ресей Украинаның НАТО құрамына кіруіне қарсы. Себебі, РФ басшысының сөзінше, бұл Ресейге қауіпті. 

"Үшіншіден, бұл енді өзекті емес, бірақ Донбасстағы проблеманы бейбіт жолмен, келіссөздер мен Минск келісімі арқылы шешу керек", - деді Путин. 

Украинада ТЖ жарияланды

Осы уақытта Украинаның барлық аймағында төтенше жағдай енгізілді. ТЖ режимі 30 күнге созылатыны хабарланды. Сондай-ақ, Владимир Зеленский запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Алайда ол жалпы мобилизация жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты. 

24 ақпан: Зеленский ресейліктерге үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады. Зеленский Украина халқы бейбітшілікті қалайтынын айтты және ресейліктерден соғысқысы келе ме деп сұрады. Мәлімдеменің толық мәтінін "Украинская правда" жариялады. 

"Бүгін мен Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесуге бастамашы болдым. Нәтижесі - тыныштық. Тыныштық Донбасста болуы керек. (...) Сіз бен бізді екі мың шақырымнан астам ортақ шекара бөліп жатыр. Оның бойында бүгінде сіздердің әскер, 200 мыңға жуық сарбаз, мыңдаған әскери көлік тұр. Сіздердің басшылық олардың басқа елдің аумағына қарай қадамын мақұлдады. Бұл қадам Еуропа құрлығындағы үлкен соғыстың бастауы болуы мүмкін. (...) Орыстарға соғыс керек пе? Мен бұл сұраққа шынымен жауап бергім келеді. Бірақ жауап сіздерге байланысты. Ресей Федерациясының азаматтары, назарларыңызға рақмет", - деді Зеленский.

Алғашқы атыстар

Сол күні Киев пен Харьковте атыстар естілді. Украиналық БАҚ-тар Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сонымен қатар, Киевтегі Борисполь әуежайы аймағында атыс естіліп жатқанын хабарлады. Халық метро мен жертөлелерге жан сауғалай бастады. 

Украинада әскери жағдай енгізілді

Кейін Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Ресейді елдің әскери инфрақұрылымына соққы берді деп айыптап, Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырды.

Жарылыс видеолары тарады

Желіде Ресей-Украина шекарасындағы жарылыстардың видеосы тарай бастады. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей Украинаға толыққанды шабуыл бастағанын мәлімдеді. 

Санкциялар

Байден 25 ақпанда АҚШ, G7 көшбасшыларымен кездесіп, Ресейге қарсы қатаң санкциялар салатынын айтты. Ол АҚШ Украина мен украин халқына қолдау мен көмек көрсетуді жалғастыратынын баса айтты. Ал Араб елдері Ресей-Украина төңірегіндегі жағдайға бейтараптық жариялады. Осы уақытқа дейін Ресейге ЕО елдері, Қытай, Жапония санкциялар салды. Ұлыбритания Ресейге "бұрын-соңды болмаған санкция" салатынын жариялады

Ресей де қарап қалмай, қарсы санкциялар енгізіп жатыр. Мысалы 2 наурыздан бастап Ресейден орталық банктің бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынан асатын валютаны немесе "шетел валютасындағы ақша құралдарын" алып кетуге тыйым салынады. АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатты

Макрон Украинаға 1,2 миллиард еуро көлемінде көмек пен әскери техника беруге уәде етті

Франция президенті Эммануэль Макрон Киевке 1,2 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек және әскери техника беруге уәде етті. Бұл туралы ол Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында ЕО-ның Украина бойынша кезектен тыс Саммитінен кейін хабарлады. Сонымен қатар, ол Украинадан келген босқындарға көмектесуге ниетті екенін айтты.

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

"Біз қару-жарақ таратып жатырмыз және жерімізді қорғау үшін барлығын жасаймыз", - деді Зеленский брифингте. 

Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады

Владимир Зеленский тағы бір видеоүндеу жариялап, "Украина соғыс жолын таңдаған жоқ, бірақ Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады" деді.

Украина мен Ресей арасындағы алғашқы келіссөз

28 ақпанда Беларусьтің Гомель облысында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтті. Оның негізгі мақсаты Украина аумағында атысты тоқтату және соғыс қимылдарын талқылау болды. Украиналық делегация өкілдері Қырым мен Донбасстан да ресейлік әскерді шығаруды талап етті. 

Ал Мәскеу Украинаның референдум арқылы парламенттік деңгейде бекітілген блоктан тыс мәртебесін, Ресей "ЛДХР" деп атайтын Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарын тануды, деназияландыруды, Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындауды талап етті.

Украинадағы қазақстандықтар Польшадан эвакуацияланып жатыр

28 ақпанда әскери қақтығыс кезінде Украинада болған 175 қазақстандық, оның ішінде алты бала Алматыға ұшып келді. "Эйр Астана" компаниясының борты Алматы әуежайына сағат 22:35-те қонды. Эвакуацияланған қазақстандықтарды әуежайда туыстары мен жақындары гүл шоқтарымен қарсы алды.


Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Кейін 1 наурызда тағы 124 қазақстандық Польшадан Атырауға эвакуацияланады. Одан әлі Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

1 наурыздағы жағдай бойынша, 361 қазақстандық Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр.

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Украинаның ЕО-ға кіруге өтініші тіркелді

Бұл туралы ЕО-дағы Украина өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды.

Сурет: Twitter/Vsevolod Chentsov

Ресей мен Украинаның қанша азаматы қаза тапты?

Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Украинада 498 ресейлік әскери қаза тапқан. 1597 адам жарақат алған. Оның сөзінше, Украина тарапынан 2870 адам қаза тапқан.

Сонымен қатар, бұған дейін Украина тарапы 5840 ресейлік әскери қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Украинаның Қарулы күштері ресейлік әскер 30 ұшақ, 31 тікұшақ, 211 танкке дейін, 862 брондалған патрульдік машина, 85 артиллериялық жүйе, 9 зениттік қондырғы, 60 отын багы мен 355 автокөлігінен айырылғанын мәлімдеді. 

Зеленский Путинді бетпе-бет келіссөзге шақырды

Оның сөзінше, Мәскеу мен Киев бұл жанжалдан тең отырып сөйлескенде ғана шыға алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі 

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 3 наурызда өтті. 

Тараптар жақын арада гуманитарлық дәліздер ұйымдастырады, осыған байланысты бірқатар секторда қақтығыс тоқтайтын болды.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің сөзінше, тараптар "ұстанымдар бойынша түсіністікке қол жеткізе алды".

"Украина тарапымен келіссөздер аяқталды, онда біз барлық үш мәселені егжей-тегжейлі талқыладық: әскери мәселе, халықаралық гуманитарлық мәселе және үшінші мәселе - жанжалды саяси реттеу мәселесі. Ұстанымдар айқын, олар жеке-жеке жазылады. Олардың бір бөлігі бойынша бір шешімге қол жеткізілді", - деді Мединский.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский бұған дейін бұл кездесуде Мәскеу реттеудің әскери-техникалық, гуманитарлық-халықаралық және саяси аспектілеріне арналған үш бөлімнен тұратын ұсыныстар блогын құрғанын айтқан болатын. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, департамент бұл кездесу "жағдайдың тез аяқталуына, Донбастағы бейбітшілікті қалпына келтіруге, Украинаның барлық халқының бейбіт және әділ өмірге оралуына" әкеледі деп үміттенеді.

Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы

Украинада не болып жатыр? 2-бөлім

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети