Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті Фото: РИА Новости/БелТА

Ресей мен Украина делегациясының келіссөзі аяқталды. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк үшінші раунд болатынын айтты, - деп хабарлайды "Известия"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Украина делегациясының келіссөзі аяқталды. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк үшінші раунд болатынын айтты, - деп хабарлайды "Известия"

Тараптар жақын арада гуманитарлық дәліздер ұйымдастырады, осыған байланысты бірқатар секторда қақтығыс тоқтайды.

"Осы мақсатта жақын арада арнайы байланыс және өзара іс-қимыл арналары ұйымдастырылады және тиісті логистикалық рәсімдер құрылады", - деді Подоляк.

Оның айтуынша, тараптар жақын арада келіссөздерді қайта бастауға келісті.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің сөзінше, тараптар "ұстанымдар бойынша түсіністікке қол жеткізе алды".

"Украина тарапымен келіссөздер аяқталды, онда біз барлық үш мәселені егжей-тегжейлі талқыладық: әскери мәселе, халықаралық гуманитарлық мәселе және үшінші мәселе - жанжалды саяси реттеу мәселесі. Ұстанымдар айқын, олар жеке-жеке жазылады. Олардың бір бөлігі бойынша бір шешімге қол жеткізілді", - деді Мединский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети