14 қазан 2014 | 16:56

Украина парламенті "Прокуратура туралы" заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Украинаның жетінші шақырылымдағы Жоғарғы Радасы жұмысының соңғы күні депутаттар президент Петр Порошенконың және премьер-министр Арсений Яценюктің қатысуымен сайлау, люстрация, прокуратура, антикоррупциялық бюро туралы заңдар мен басқа да маңызды заң жобаларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина парламенті ғимаратынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Украинаның жетінші шақырылымдағы Жоғарғы Радасы жұмысының соңғы күні депутаттар президент Петр Порошенконың және премьер-министр Арсений Яценюктің қатысуымен сайлау, люстрация, прокуратура, антикоррупциялық бюро туралы заңдар мен басқа да маңызды заң жобаларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина парламенті ғимаратынан. 

Ел парламенті қабылдаған "Прокуратура туралы" заңға сәйкес, бас прокурор прокуратура органдары қызметі туралы Украина парламенті алдында жылына кемінде бір рет және БАҚ-қа жылына екі рет есеп беруі керек. Сонымен қатар, Украина прокуратурасы қайта жасақталатын болды, ол үшке бөлінеді: Бас прокуратура, аймақтық прокуратуралар және жергілікті прокуратуралар.

Ішкі істер министрлігінде жасалған "Сайлау туралы" заңға енгізілген түзетулерді қолдап, 300 депутаттың 233-і дауыс берді. "Сайлау кезінде халыққа қарақұмық ботқасын таратқандар түрмеде соның дәмін татуы тиіс!" - деді сайлаушыларды сатып алудың жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын таныстырған Арсений Яценюк мінберден. Украина Ішкі істер министрі Арсен Аваковтың Facebook-те хабарлауынша, заң дер кезінде қабылданып отыр. "Біз сайлаушыларды сатып алуға қатысты ондаған қылмыстық іс қозғадық", - деді ол.

Украина парламенті ел президенті Порошенко ұсынған "Украина ұлттық антикоррупциялық бюросы туралы" заңды 278 дауыспен мақұлдады. Ұлттық бюро мен оның жұмысшылары жедел-іздестіру істерін қозғай алады және жариялы немесе жабық түрде жедел-іздестіру шараларын жүргізе алады. 

14 қазанда Украина парламенті елдің ТМД-дан шығуына дауыс беруі керек болған. Бірақ Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчинов үзілістен соң отырысты жапты. "Жоғарғы Радада арандату әрекеттерінің басталуына байланысты қазір біздің сессиялық зал бос. Мен мұны әлдекімдердің бүгінгі отырысты тоқтату үшін әдейі жасағанына сенімдімін. Қазір парламентте 226 депутаттан да аз адам отыр. Біз бірде-бір мәселені қарап, қабылдай алмаймыз", - деп мәлімдеді Турчинов.

Айта кетейік, мұның алдында Жоғарғы Рада маңында мыңдаған адамның қатысуымен митинг өтіп жатқаны хабарланған еді. Наразылық шарасына қатысушылар парламенттен коммунистердің кетуін талап етіп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети