Украина президенті аппаратының экс-басшысы Ермак үшін рекорд кепіл төленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті аппаратының экс-басшысы Ермак үшін рекорд кепіл төленді Фото: t.me/ermaka2022

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак кепілмен тергеу изоляторынан босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.


Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак кепілмен тергеу изоляторынан босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ермак үшін 140 миллион гривен (1,48 миллиард теңге) көлеміндегі кепіл сомасы толық төленгені хабарланды.

Еске салсақ, сот Ермакты 14 мамырда 460 миллион гривенді (4,8 миллиард теңге) заңдастыру ісі бойынша тұтқындаған болатын.

Украина президенті кеңсесінің экс-басшысы өз кінәсін мойындамады және "күресті жалғастыратынын" әрі апелляцияға беретінін мәлімдеді. Ол кепілге төлейтін 140 миллион гривені жоқ екенін, бірақ "кепіл сомасын төлеуге көмектесетін таныстары мен достары жеткілікті" екенін айтты.

15 мамырда БАҚ өкілдері кепіл сомасының әлі жиналмағанын, сондықтан Ермактың демалыс күндері тергеу изоляторында қалғанын хабарлады. Кепіл төлеуге арналған шотты толтыруға ниет білдірушілерге демалыс күндері бойы мүмкіндік берілген. БАҚ мәліметінше, 200-ге жуық төлем жасалған, оның ішінде кейбір адамдар тіпті 1 тиыннан аударған. Жиналған жалпы сома 154 миллион гривеннен (1,6 миллиард теңге) асады.

Еске сала кетейік, Андрей Ермак Украина Президентінің кеңсесін 2020 жылдың ақпанынан бастап басқарып келген. Ол Владимир Зеленскийдің негізгі серіктестерінің бірі және мемлекет басшысынан кейінгі елдегі ықпалы жағынан екінші адам саналған. 2025 жылдың қарашасында Ермак Украина энергетикасындағы сыбайлас жемқорлық жанжалы аясында қызметінен босатылған болатын.

11 мамырда Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) Ермактың Киев түбіндегі элиталық құрылыс саласында 460 миллион гривенді "жылыстатуға" қатысы бар ұйымдасқан топқа қатысты күдікті ретінде танылғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер