©РИА Новости
Украина Президенті Виктор Януковичтің оппозиция жетекшілері Виталий Кличкомен ("УДАР" фракциясы), Арсений Яценюкпен ("Батькивщина"), Олег Тягнибокпен ("Свобода") кездесуінің нәтижесінде қаңтардың 16-сында Рада қабылдаған кейбір заңдардың күшін жою жөнінде келісім жасалды, бұл туралы Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатайтуды көздейтін бұл заңдар жаппай наразылықтардың жаңа толқынын туғызған еді. Заңдардың күшін жоюды оппозиция ғана емес, АҚШ пен Еуроодақ елдері де талап еткен болатын. Киевте билік пен оппозицияның төрт сағатқа созылған кездесуі барысында тараптар рақымшылық жасау жөнінде де уағдаласты. Виктор Янукович жаппай наразылық шарасына қатысушылардың бәріне рақымшылық жасауға уәде берді. Бірақ бір шарт қойды - ереуілшілер басып алған ғимараттары мен автокөлік жолдарын босатуы тиіс. "Бұлай болмаған жағдайда жасалған құқық бұзушылықтар кешірілмейді", - делінген елдің әділет министрлігі таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта ел астанасында "Общее дело" ұйымының мүшелері өздері басып алған әділет министрлігінің ғимаратын босатқан. Билік бұл әрекетке ризашылық білдіріп отыр. Келіссөздер барысында Виталий Кличко мен Арсений Яценюк үкіметтен Президент ұсынған жоғары лауазымдардан бас тартты. "Мен өзімнің Янукович үкіметінде жүргенімді елестете алмаймын. Менімен үкіметтегі жұмыс жайлы әңгімелесудің реті жоқ. Бұл мәселені көтерудің өзі ақылға сыймайды", - деп мәлімдеді "УДАР" фракциясының басшысы. Еске салайық, өткен жылдың күзінен бері Украина астанасының берекеті кеткен еді. Жаппай тәртіпсіздіктердің өршуіне ел Президентінің Еуроодақпен қауымдастық құру туралы келісімге қатысты шешімі түрткі болды.
Украина Президенті Виктор Януковичтің оппозиция жетекшілері Виталий Кличкомен ("УДАР" фракциясы), Арсений Яценюкпен ("Батькивщина"), Олег Тягнибокпен ("Свобода") кездесуінің нәтижесінде қаңтардың 16-сында Рада қабылдаған кейбір заңдардың күшін жою жөнінде келісім жасалды, бұл туралы Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатайтуды көздейтін бұл заңдар жаппай наразылықтардың жаңа толқынын туғызған еді. Заңдардың күшін жоюды оппозиция ғана емес, АҚШ пен Еуроодақ елдері де талап еткен болатын.
Киевте билік пен оппозицияның төрт сағатқа созылған кездесуі барысында тараптар рақымшылық жасау жөнінде де уағдаласты. Виктор Янукович жаппай наразылық шарасына қатысушылардың бәріне рақымшылық жасауға уәде берді. Бірақ бір шарт қойды - ереуілшілер басып алған ғимараттары мен автокөлік жолдарын босатуы тиіс. "Бұлай болмаған жағдайда жасалған құқық бұзушылықтар кешірілмейді", - делінген елдің әділет министрлігі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта ел астанасында "Общее дело" ұйымының мүшелері өздері басып алған әділет министрлігінің ғимаратын босатқан. Билік бұл әрекетке ризашылық білдіріп отыр.
Келіссөздер барысында Виталий Кличко мен Арсений Яценюк үкіметтен Президент ұсынған жоғары лауазымдардан бас тартты. "Мен өзімнің Янукович үкіметінде жүргенімді елестете алмаймын. Менімен үкіметтегі жұмыс жайлы әңгімелесудің реті жоқ. Бұл мәселені көтерудің өзі ақылға сыймайды", - деп мәлімдеді "УДАР" фракциясының басшысы.
Еске салайық, өткен жылдың күзінен бері Украина астанасының берекеті кеткен еді. Жаппай тәртіпсіздіктердің өршуіне ел Президентінің Еуроодақпен қауымдастық құру туралы келісімге қатысты шешімі түрткі болды.