Украинаның орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Украинаның орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас кезінде Украина президенті тағына 46 адам таласуға ниет білдірген болатын. Бүгінде олардың 7-еуі үміткер болып тіркелсе, 10 адам комиссияның жауабын күтіп отыр. Ал 12 адамның кандидатурасы кері қайтарылды. Себебі құжаттары дұрыс рәсімделмеді.
Қазір тіркеліп тұрған үміткерлер - Харьков облысының губернаторы Михаил Добкин, Аймақтар партиясының депутаттары Сергей Тигилко мен Валерий Коновалюк, бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ренат Кузьмин, Жалпыукраиндық еуропалық конгресстің президенті Вадим Рабинович, бұрынғы вице-премьер Юрий Бойко және "Интерагроэкспорт" компаниясының басшысы Владимир Саранов.
Бүгінгі таңда 24 үміткер барлық қажетті құжаттар мен 2,5 миллион гривен (шамамен 233 мың доллар) көлеміндегі ақшалай кепілді тапсырды. Олардың ішінде тіркеліп тұрған 7 үміткер де бар. Бұдан бөлек, бұл тізімге елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко, Коммунистік партияның жетекшісі Петр Симоненко, "Свобода" партиясының басшысы Олег Тягнибок, Жоғарғы раданың депутаты Петр Порошенко, бұрыңғы қорғаныс министрі Анатолий Гриценко, алымдар мен кірістер жөніндегі экс-министр Александр Клименко, "Украина - Вперед!" партиясының жетекшісі, әлеуметтік саясат жөніндегі экс-министр Наталия Королевская, оңшылдар партиясының басшысы Дмитрий Ярош, Интернет-партиның өкілі Дарт Вейдер және тағы басқалар бар.
Айта кетейік, Украина президентін мерзімінен бұрын сайлау науқаны ағымдағы жылы мамырдың 25-іне белгіленіп отыр. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің нақты тізімін сәуірдің 4-інде әзірлеп қоюды жоспарлап отыр.