Украина президентінің бұйрығына қарамастан Славянск төңірегіне тағы артиллериялық соққы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президентінің бұйрығына қарамастан Славянск төңірегіне тағы артиллериялық соққы жасалды topwar.ru сайтынан

Славянск төңірегіне тағы артиллериялық соққы жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Военное обозрение" порталына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Славянск төңірегіне тағы артиллериялық соққы жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Военное обозрение" порталына сілтеме жасай отырып. 

Украинаның президенті  Петр Порошенконың уақытша бітімге келуге, оқ атуды тоқтатуға қатысты бұйрығына қарамастан, Славянскіге артиллериялық соққы жасалды. 

"Шамамен түн ортасында қаланың шыға берісіндегі Артема ауданына соққы жасалды. бұл мемлекеттік әскери күштер мен ополченецтердің қақтығысатын дәстүрлі орнына айналған" делінген хабарламада. Бұған дейін жергілікті тұрғындар, ополчен өкілдері Славянск шетінде орналасқан Семеновка ауылын бомбамен атқылағаны туралы хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Украина президенті Петр Порошенко  Украианың шығысында барлық қақтығыстарды уақытша тоқтатуға бұйрық берген болатын. Ол Украинадағы әскери әрекеттер 20-27 маусым аралығында бір аптаға тоқтатылады деген еді. 

 Украинаның ІІМ мәлімдеуінше Порошенко өзінің бұл бұйрығымен ополчендіктердің қарулы қақтығысын тоқтатуды, қаруларын тастатуды жоспарлап отыр. Қаруын тастамағандар жазаға тартылады. Оның айтуынша бітім кезінде ополчендер тарапынан оқ атылса, оған қарсы қарулы күш қолданылуы мүмкін.

Осы орайда Донецк халық республикасы Украина билігінің бітім туралы айтқан сөзіне сенім білдіріп отыр.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети