16 тамыз 2014 | 21:37

Украина Ресейдің гуманитарлық көмегін қабыл алғысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото topwar.ru сайтынан алынды Фото topwar.ru сайтынан алынды

Украина Ресейдің гуманитарлық көмегін қабылдаудан бас тартуда, - деп хабарлайды РИА Новости халықаралық Қызыл Крест комитетінің қызметкері Галина Бальзамовының сөзіне сүйене отырып.


Иконка комментария блок соц сети

Украина Ресейдің гуманитарлық көмегін қабылдаудан бас тартуда, - деп хабарлайды РИА Новости халықаралық Қызыл Крест комитетінің қызметкері Галина Бальзамовының сөзіне сүйене отырып.

"Үш жақты келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі уақытта Ресейден жіберілген жүктің гуманитарлық көмек екенін және оны Украина қабылдауы үшін ол елдің келісімін алу маңызды. Дегенмен әлі келісім орнаған жоқ" - дейді Галина Бальзамова.

Сондай-ақ ол Украина тұрғындарына Ресейдің гуманитарлық көмегін жеткізіп беруді Қызыл Крест халықаралық комитеті өз құзыретіне ала алатынын, ол үшін Ресей мен Украинаның келісімі қажеттігін де айтып отыр.

"Ресей мен Украина тарапы гуманитарлық көмекке қатысты бір келісімге келуі керек. Біз үшін қазір гуманитарлық көмекті жеткізу кезінде Қызыл Крест комитетінің көлік жүргізушілерінің және басқа өкілдерінің қауіпсіздігі маңызды. Украина аумағына көмекті жеткізу барысында олардың өміріне қауіп төнбейтіндігіне сенімді болуымыз керек" - деп мәлімдеді Бальзамова.

Оның айтуынша, халықаралық ережеге сәйкес Қызыл Крест көмекті жеткізу барысында ешқандай қару-жарақ қолданбайды.

Ал "жеткізу тобының қауіпсіздігі үшін қандай жағдай қарастырылған, оған кім жауап береді" деген сауалға жауап берген Бальзамова: "Екі жақтың келісімі арқылы операцияға қатысушылардың қауіпсіздігін сақтай аламыз" - деді.

Айта кету керек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі мен халықаралық  Қызыл Крест комитеті гуманитарлық көмектің Украина аумағына аман-есен жетуіне жауапкершілік алған болатын. Дегенмен, Ресей тарапы  көмекті Донбасс аумағына Украинаның кедендік өткізу пункттері арқылы апарудан бас тартуда. 

Еске салайық, 12 тамызда Мәскеуден Украинаның шығысына гуманитарлық жүк тиеген 280 "КамАЗ"  көлігі жолға шыққан. Жүк көліктері 2000 тоннаға жуық гуманитарлық көмек апара жатыр. Олардың 400 тоннасы қарақұмық, 100 тоннасы қант, 62 тоннасы балалар тағамы, 54 тоннасы дәрі-дәрмек және медициналық заттар. Сондай-ақ бұл тізімде тағы басқа  қажеттіліктер бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети