Украина Ресеймен және Вена құжатының барлық қатысушысымен шұғыл кездесуді сұрады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Ресеймен және Вена құжатының барлық қатысушысымен шұғыл кездесуді сұрады Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба. © REUTERS

Украина Ресей Федерациясымен және ЕҚЫҰ-ның Вена құжатына қатысушы барлық мемлекеттермен Украина шекарасында ресейлік әскерлерді нығайту және жылжыту мәселелерін талқылау үшін жиналыс өткізеді. Бұл туралы Twitter-де сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Ресей Федерациясымен және ЕҚЫҰ-ның Вена құжатына қатысушы барлық мемлекеттермен Украина шекарасында ресейлік әскерлерді нығайту және жылжыту мәселелерін талқылау үшін жиналыс өткізеді. Бұл туралы Twitter-де сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Ресей біздің Вена құжатындағы сұранысымызға жауап бермеді. Біз келесі қадамды жасап жатырмыз. Украина алдағы 48 сағат ішінде Ресей Федерациясымен және барлық қатысушы мемлекеттермен біздің шекарамызда және Ресей әскерлерінің күшеюі мен қозғалысын талқылау үшін кездесу өткізеді", - деп жазды Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

Кулеба, егер Ресей ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі туралы сөздерін байыппен қабылдаса, шиеленісті азайту және барлық қатысушы мемлекеттер үшін қауіпсіздікті күшейту үшін әскери ашықтық жөніндегі міндеттемелерін орындауы керек деп қосты.

Вена құжатының ережелеріне сәйкес, Ресей Федерациясы 48 сағат ішінде әскери іс-шараларды өткізетін нақты аймақты, күнін, сондай-ақ әскери құрамалардың атауын, санын, оған тартылатын қару-жарақ пен әскери техниканың түрлерін хабарлауы керек.

"Жеткіліксіз ақпарат ұсынылған жағдайда, Украина Ресей Федерациясына және Вена құжатына қатысушы басқа мемлекеттерге шұғыл кеңес өткізуге жүгінеді, онда Ресей Федерациясы түсініктеме беруге мәжбүр болады", - деді Кулеба.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети