Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады Фото ©РИА Новости

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк украиналық телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс тоқтатылды, бірақ бұл тараптар келіссөздер үстеліне енді отырмайды дегенді білдірмейді.

"Қазір ол тоқтатылды, өйткені Стамбул коммюникесінен кейін ешқандай алға жылжу жоқ. Ресей Федерациясы әлі де стереотипті ойлайды. Бірақ кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және менің ойымша, Зеленский мырза бұл процесті модерациялайды", - деді Подоляк.

Украина тарапының мәлімдемесі Ресей СІМ өкілі Украинаның қақтығысты аяқтау жөніндегі келіссөздер процесінен шығатынын айтқаннан кейін жасалды.

"Жоқ, келіссөздер жалғасын таппайды. Украина келіссөздер процесінен шықты десе болады", - деді Ресейдің сыртқы істер министрі Андрей Руденко.

Ол Украина тарапы Ресейдің бейбітшілік келісімінің жобасына жауап бермегенін айтты.

Бұған дейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы қақтығыс Мәскеу сценарийі бойынша емес деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети