11 қыркүйек 2014 17:08

Украина салмақ қорған Ресейден қорған бола ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Кеше Украина мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығын нақ көрсететін "Стена" жоспары ресми түрде іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс алты ай ішінде еңсерілуі тиіс деп күтіліп отыр. "Алаш айнасы" басылымы ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін араға көптеген жылды салып, қайтадан қылаң берген бұл құбылысты отандық мамандар қалай бағалайтынын біліп көрді.


Кеше Украина мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығын нақ көрсететін "Стена" жоспары ресми түрде іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс алты ай ішінде еңсерілуі тиіс деп күтіліп отыр. "Алаш айнасы" басылымы ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін араға көптеген жылды салып, қайтадан қылаң берген бұл құбылысты отандық мамандар қалай бағалайтынын біліп көрді.

Негізінен, Украина мен Ресей шекарасының ұзындығы 2295 мың шақырымды қамтиды. Киев таяуда осы сызық бойына бүтіндей бетоннан қорған тұрғызу туралы шешім қабылдады. Қорғанды тікенек сымтемірмен, қозғалысты анықтайтын тетікпен, инфрақызыл бейнетаспамен қамту жағы да қарастырылған. Жобаны "Стена" деп атады. Ол екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде шекарашылар шиеленіс және әскери қақтығыс аймағынан тыс өңірлерді белгілеп, одан соң мұнда құрылыс басталады. Олар: Черниговск, Сумский, Харковь облыстары, сонымен қатар Луганск облысының солтүстік аудандары және Қырымның әкімшілік шекарасының жазық аумағы. Екінші кезең - 400 шақырымды қамтитын Луганск пен Донецк облыстарындағы шекара сызықтары.

Кейбір мамандардың есебі бойынша, бұл жобаны жүзеге асыру құны 100 миллион долларды құрайды. Бұған дейін көптеген сарапшы Киевке қаржылық дағдарыс кезеңінде мұндай қымбат жобаны жүзеге асыру ақылға сыйымсыз деп кеңес берген. Бірақ соған қарамастан, бүгін белгілі болғандай, Украина іргесінен қорған тұрғызудан бас тартпады.

Жалпы, бұл жайт нені білдіреді? Оның тарихи және саяси мәні неде? Біз осы сауалдарды отандық мамандар назарына ұсынып көрдік.

Кеңес Сманов, саясаттанушы:

– Адамзат тарихында көршілерінен немесе жат пиғылды басқыншылардан қорғану мақсатында салынған қабырғалар жетерлік, бірақ оның басым бөлігі күткен нәтижеге ие болған емес.

Жалғыз озық мысал – Қытай қорғаны. Одан басқасының барлығы құр далбаса боп шыққан. Мысалы, Франция мен Германияның арасындағы шекара қорғанысын нығайтушы жүйе - Мажино сызығы француздар ойлағандай боп шықпады. Атақты Маннергейм сызығы Қызыл әскерге тосқауыл бола алмады. АҚШ пен Израильдегі қабырғалар да қазір тек символикалық сипатқа ие боп қалды. Қарулы күштерге олар қазір тойтарыс бере алмайды. Осы мысалдар онсыз да қаржы тапшылығына ұрынып отырған Украина үкіметін ойландыруы керек еді. Киев шығыны аз басқа жобаларды қарастырып көруі тиіс еді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети