Украина шенеуніктері елге оралуға міндеттелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина шенеуніктері елге оралуға міндеттелді Фото: ©REUTERS

Украина үкіметі шенеуніктерді 25 сәуірге дейін елге оралуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина министрлер кабинеті сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина үкіметі шенеуніктерді 25 сәуірге дейін елге оралуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина министрлер кабинеті сайтына сілтеме жасап.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль жаңа қаулыға қол қойған. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет басшыларына соғыс жағдайы кезінде Украина аумағында орналасқан қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу құқығы берілді.

Сондай-ақ, қаулыда шетелде жұмыс істеуге тек іссапарда болған жағдайда ғана рұқсат етілетіні айтылған.

"Мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның қызметкері белгіленген тәртіппен ресімделген қызметтік іссапарда болудан басқа жағдайда, жұмыс уақытында мемлекеттік қызмет басшысының шешімінсіз жұмыс орнынан тыс жерде немесе шетелде болған жағдайда заңға сәйкес тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін", - делінген қаулыда.

Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге ескерту, сөгіс, қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту, лауазымын төмендету және мемлекеттік қызметтен босату сияқты тәртіптік жаза түрлерінің бірі қолданылатыны белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети