28 қаңтар 2014 | 15:45

Украина үкіметінің басшысы отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина премьер-министрі Николай Азаров отставкаға өтініш берді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новостиге" сілтеме жасап. Үкімет басшысы өз әрекетін елдегі саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықылас білдіруім деп түсіндірді. "Қоғамдық-саяси мәмілеге қол жеткізуге қосымша мүмкіндіктер ашу үшін, жанжалды бейбіт жолмен реттеу үшін мен Украина Президентінен Украина премьер-министрі қызметінен отставкаға кетуімді қабылдауды сұрауға жеке шешім қабылдадым", - деді Азаров. Азаровтың айтуынша, мемлекет ішінде қалыптасқан ахуал Украинаның экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндіріп, украин қоғамы мен әрбір азаматтың өміріне нұқсанын тигізгелі тұр. "Үкімет қарсы тұру шаралары кезінде жанжалды бейбіт түрде шешу үшін қолдан келгенін жасады. Біз қантөгіске, зорлық-зомбылықтың ушығуына, азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу үшін бәрін жасадық, жасайтын боламыз да. Үкімет экономика мен әлеуметтік қорғау жүйесін экстремал жағдайда қамтамасыз етті. Бірақ жанжалдың өткірлігі мен қаупі біздің азаматтардан Украина тағдыры үшін қосымша жауапты қадамдарға баруды талап етеді", - деді Үкімет басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Украина Президенті Виктор Янукович оппозиция жетекшілеріне үкіметтен қызмет ұсынып еді. Премьер-министр лауазымын ол "Батькивщина" фракциясының жетекшісі Арсений Яценюкке ұсынған болатын. Яценюк келісім берсе, ел үкіметі түгел таратылады. Янукович "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличкоға гуманитарлық мәселелер жөніндегі вице-премьерлікті ұсынды, бірақ оппозиционер бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети