Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) соғыс салдарынан миллиондаған украиналық ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) соғыс салдарынан миллиондаған украиналық ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйым Украинадағы соғыс салдарынан елдегі 4,6 миллион адамның суға қол жеткізе алмай отырғанын, ал 6 миллионнан астам адам таза ауыз су тапшылығынан зардап шеккенін хабарлады.
"Бір айдан бері Украинада болып жатқан қызу шайқастар су мен электр желілерін қиратып, 4,6 миллионнан астам адамның суға қол жетімділігін шектеді. Олар күн сайын адамның ең негізгі қажеттіліктерінің бірі ауыз суға қол жеткізу үшін күресіп жатыр", - деді ЮНИСЕФ Twitter-де.
More than a month of intense hostilities in #Ukraine devastated #water & electricity networks, leaving over 4.6 mln ppl with limited access to water . In total, over 6 million people in Ukraine are struggling every day to have drinking water, one of the most essential human needs pic.twitter.com/sxtew1fw1d
— UNICEF Ukraine (@UNICEF_UA) April 18, 2022
Украинаның шығысындағы әскери операция басталғалы бері сумен жабдықтау инфрақұрылымына зақым келтірудің 20 оқиғасы тіркелген.
Бір ғана Донецк облысында 200 мыңға жуық адам су тапшылығын сезінуде және Горловке су қоймасына зақым келсе, тағы 340 мың адам ауыз суға қол жеткізе алмай қалу қаупі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!