Украинада Анджелина Джоли жеген круассан сатылып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада Анджелина Джоли жеген круассан сатылып жатыр Видео кадры/Укрзалізниця

Украинада Голливуд актрисасы Анджелина Джоли жартысын жеген круассан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада Голливуд актрисасы Анджелина Джоли жартысын жеген круассан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгений есімді украиналық тұрғын круассанды сатылымға қойған. Оның айтуынша, Анджелина Джоли 30 сәуірде Львовқа келген кезде дәмханада круассанның жартысын жеген. Желіде жарнаманың скриншоты жарияланды.

Telegram

Суреттегі жазбаға қарағанда, сатушы Голливуд жұлдызы кірген мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Ол жартылай желінген нан өнімі үшін миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұраған және саудаласуға болатынын жазған.

Telegram 

Кафе қызметкерлерінің айтуынша, Анджелина Джоли "Королевский" круассаны, лосось және моцарелла қосылған круассан, сондай-ақ капучино алған.

Еске салайық, бұған дейін Голливуд актрисасы Анджелина Джоли Украинаға келгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети