18 шілде 2014 | 19:10

Украинада апатқа ұшыраған Boeing Malaysia Airlines Қазақстанда үш миллион долларға сақтандырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Malaysia Ailrines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының Украинада апатқа ұшырау салдарын АО "Еуразия" сақтандыру компаниясы 3,175 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісі компанияның PR және жарнама департаментінің директоры Шәкір Иминов айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Malaysia Ailrines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының Украинада апатқа ұшырау салдарын АО "Еуразия" сақтандыру компаниясы 3,175 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісі компанияның PR және жарнама департаментінің директоры Шәкір Иминов айтып берді. 

Оның айтуына қарағанда қазақстандық компания ұшақты қайта сақтандырған. "Біз ұшақты бізге дейінгі сақтандырып қойған компаниядан кейін қайта сақтандырдық. Бұл ұсынысты тастаған компаниямен біз бес жылдай бірге жұмыс істеп келеміз. Біз олармен келсімшартқа отырғанбыз", - дейді Иминов. Ол сақтандыру компаниясының атын атамады. Оның айтуынша, қаза болған әрбір адамдардың  отбасына берілетін төлемақы құны 100 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, ұшақтың құлау кезінде зардап шеккен үшінші жақ та өтемақы сұрауы мүмкін. 

Иминовтың айтуынша, өтемақыны төлеу мерзімі екі жылға дейін созылып, тергеу жұмыстары мен келтірілген залалдар есептеліп болған соң беріле бастайды. "Еуразия" сақтандыру компаниясы барлық келтірілген залалдардың мөлшері есептеліп, құжат жөнінде келгеннен кейін, өтемақылардың барлығын төлеп береді", - дейді компанияның директоры. Оның айтуына қарағанда, қазақстандық фирманың жұмысшылары апат орнына бармайды. 

Еске салайық, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі парақшасындағы мәліметке қарағанда, ұшақ бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. Геращенконың мәліметінше, жолаушылар ұшағын ресейлік "Бук" кешенінен атып түсірген.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети