Украинада белгісіз біреу өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада белгісіз біреу өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды Фото: Kharkiv_1654.

Харьковта ер адам өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды. Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Харьковта ер адам өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды. Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында 16 жастағы бала бар. Ол орташа ауыр жарақат алды, 33 және 19 жастағы тағы екі адамның денсаулығы қанағаттанарлық.

"Белгісіз адам граната лақтырды. Үш адам жарақат алды, дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетіп жатыр", - деп жазды өңірлік полиция басқармасының баспасөз қызметі Twitter-де.

Қаскүнемді басқа жолаушылар ұстағаны белгілі болды. Олар ер адамның қолын қайырып, полиция келгенше ұстап тұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети