Украинада бүлікті кәсіби жауынгерлер ұйымдастырған

viewings icon 185 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Михаил Маргелов. ©РИА Новости Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Михаил Маргелов. ©РИА Новости

Ресейлік сенатор Михаил Маргелов Украинада тәртіпсіздікті көше ұрысының кәсіпқойлары ұйымдастырды және бұл бүлік халық наразылығының көрінісі емес деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап хабарлайды. Сенатордың айтуынша, бүлік пен атысты кәсіби жауынгерлер басқарып отыр. Украинадағы ахуалға қатысты түсінік берген ол ұйымдастырушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын айтты. "Олар құқық қорғау күштеріне мейлінше баппен әрі аса жатық деңгейде шабуылдады, қалқан арсеналын, каскалар мен шоқпарлар қорын да солай толықтырып отырды, "Молотов коктейлін" өртегіш майға айналдыра білді. Ұрыс әрекеттерінен оның жақсы ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Майдан Львов, Тернополь, Ивано-Франковск провинцияларында белең ала бастады. Ол жерлерде билік кеңселерін ғана емес, милиция бөлімшелерін де басып алып, "Беркут" жауынгерлерінің қаруын тартып алып жатыр", - дейді Маргелов. Маргелов оппозиция жетекшілерінің, атап айтқанда, "Удар" партиясы басшысы Виталий Кличко мен "Батькивщина" жетекшісі Арсений Яценюктің мұндай әскери тәжірибесі жоқ екенін баса айтты. "Олардың міндеті - Батыспен оппозициялық үкімет құру мен конституциялық реформа жасауды бірлесе жоспарлау, сол үшін оларға батыстан қаржылай көмек келеді", - дейді ол. Сенатор елдегі ахуалдың соңын болжаудың қиын екенін айтады. Өйткені Украина қоғамы екіге бөлініп отыр. Еске салайық, 18 ақпан күні шала бүлінген Украинада тәртіпсіздік қайта күшейді. Радикалдар Киевте әкімшілік ғимараттарды басып алып, милицияға шабуыл жасады, көшелердің астан-кестенін шығарды. Бүлікшілер қарулы қақтығысты оппозицияның Жоғарғы Радада парламенттік-президенттік басқару жүйесін талап ететін күніне әдейі орайластырған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

location-current
Алматы
10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю