Украинада дауысты есептеудің электрондық жүйесін біреулер қасақана бүлдірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада дауысты есептеудің электрондық жүйесін біреулер қасақана бүлдірген Фото susanin.udm.ru сайтынан алынды

Берілген дауыстарды электронды түрде санайтын жүйе Украинадағы президент сайлауы қарсаңында істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТСН сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрі Арсен Аваков өзінің сайтында жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берілген дауыстарды электронды түрде санайтын жүйе Украинадағы президент сайлауы қарсаңында істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТСН сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрі Арсен Аваков өзінің сайтында жариялады. 

22 мамырда "Выборы" орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-талдау жүйесі істен шыққан. Аваковтың айтуынша, орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің жіберген қателіктерін Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өте кеш хабарлаған. Енді дауыстар электрондық түрде емес, қолмен саналады. 

"Біреулер дауысты электронды түрде санау жүйесін қасақана бүлдіріп, барлық ақпаратты өшіріп тастаған. Аймақтық сайлау комиссияларымен байланысты жойған. Бүлінген жүйені сайлауға дейін қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ бұл жағдайға байланысты дауыс санаусыз қалмайды, міндетті түрде халықтың дауысы есептеліп, қорытындысы шығады", - деді ІІМ басшысы. 

Есетіріңізге сала кетейік, Украинадағы кезектен тыс президент сайлауы бүгін, 25 мамырда өтеді. Мемлекет басшысы болуға 21 кандидат сайлауға түседі. Егер кандидаттар 50 пайыз дауыс жинай алмайтын болса, орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің екінші кезеңін жариялап, онда бірінші кезеңде көп дауыс жинаған екі кандидат сайлауға түседі. Украинада 213 сайлау округі құрылды. Қазақстанның территориясында уақытша жүрген Украина азаматтары Астана мен Алматы қалаларындағы елшілік ғимараттарында орналасқан сайлау бөлімшелерінде дауыс бере алады

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети