Фото ©livejournal.com
Украинада белгісіз біреулер ресейлік "КамАЗ" компаниясының Қазақстанға арналған 50 жүк машинасын тартып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КамАЗ" ААҚ сілтеме жасап. Соңғы екі айдың ішінде Украинада аталған маркалы жүк машиналарды сату көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Бұдан кейін Украинаның Чернигова қаласындағы "КамАЗ" сауда компаниясының қоймасынан 50 автомобильді Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданып, тиісті кедендік рәсімдеу мен келісімшартқа қол қойылған болатын. Наурыздың 16-сы, жексенбі күні Украинада қару асынған адамдар компанияға тиесілі КамАЗдардың ірі партиясын жаулап алды. "Черниговадан шығар жолда машиналар колоннасын қарулы азаматтар тоқтатты. Олар өздерін Майданның өзін-өзі қорғау жасағы деп таныстырып, тиісті құжаттарды көрсетуді талап етті. Осыдан кейін Қазақстанға экспортталатын тауарлар декларациялары көрсетілді. Ол жерге милиция мен мемлекеттік автоинспекция шақырылды. Сондай-ақ белгісіз азаматтар автомат асынған адамдар мінген екі қара джипті шақырып алды. Айтуларынша, олар да Киевтің мүддесін қорғайды", - делінген ресми хабарламада. Ұзақ уақытқа созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Автоколоннаны тоқтатқандар былай дейді: "Ресей біздің Қырымдағы мүлігімізді тартып алып жатыр. Біз болсақ, мына жақта ресейлік автомобильдерді тәркілеп аламыз". Олар жүк машиналардың Қазақстанға бара жатқанына сенген жоқ. Кеше түс қайта түскен ақпаратқа сәйкес, шекара өткелінде тұрған 43 автомобильді қарулы топ тартып алды.
Украинада белгісіз біреулер ресейлік "КамАЗ" компаниясының Қазақстанға арналған 50 жүк машинасын тартып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КамАЗ" ААҚ сілтеме жасап.
Соңғы екі айдың ішінде Украинада аталған маркалы жүк машиналарды сату көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Бұдан кейін Украинаның Чернигова қаласындағы "КамАЗ" сауда компаниясының қоймасынан 50 автомобильді Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданып, тиісті кедендік рәсімдеу мен келісімшартқа қол қойылған болатын. Наурыздың 16-сы, жексенбі күні Украинада қару асынған адамдар компанияға тиесілі КамАЗдардың ірі партиясын жаулап алды.
"Черниговадан шығар жолда машиналар колоннасын қарулы азаматтар тоқтатты. Олар өздерін Майданның өзін-өзі қорғау жасағы деп таныстырып, тиісті құжаттарды көрсетуді талап етті. Осыдан кейін Қазақстанға экспортталатын тауарлар декларациялары көрсетілді. Ол жерге милиция мен мемлекеттік автоинспекция шақырылды. Сондай-ақ белгісіз азаматтар автомат асынған адамдар мінген екі қара джипті шақырып алды. Айтуларынша, олар да Киевтің мүддесін қорғайды", - делінген ресми хабарламада.
Ұзақ уақытқа созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Автоколоннаны тоқтатқандар былай дейді: "Ресей біздің Қырымдағы мүлігімізді тартып алып жатыр. Біз болсақ, мына жақта ресейлік автомобильдерді тәркілеп аламыз". Олар жүк машиналардың Қазақстанға бара жатқанына сенген жоқ. Кеше түс қайта түскен ақпаратқа сәйкес, шекара өткелінде тұрған 43 автомобильді қарулы топ тартып алды.