ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2020 | 16:13
Украинада коронавирус тіркелді
Украинаның Черновцы облысында коронавирус тіркелді. Бұл туралы денсалық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украинаның Черновцы облысында коронавирус тіркелді. Бұл туралы денсалық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Кеше сіздерге төрт адамда коронавирус жұқтырды деген күдік бар екенін айтқан болатынмын, бүгінде бір адамда вирус бары расталды", - деді Ляшко.
Ол коронавирус белгілерінің Италиядан келген отбасыдан байқалғанын айтады.
Денсалық сақтау министрінің орынбасары жергілікті эпидемиологтардың науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп жатқанын айтып өтті.
Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін
Еске салайық, бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Кейінірек вирустың Үндістанға да жеткені айтылған еді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также