Украинада олигархтар ықпалын шектеу туралы заң қабылданды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:kmu.gov.ua Фото:kmu.gov.ua

Украинаның Жоғарғы Радасы украиналық олигархтардың саяси және экономикалық ықпалын шектеу туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның Жоғарғы Радасы украиналық олигархтардың саяси және экономикалық ықпалын шектеу туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

279 депутат "Экономикалық немесе саяси салмағы елеулі адамдардың (олигархтардың) шамадан тыс әсер етуімен байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы іс -қимыл туралы" заңды қолдап дауыс берді. Енді заң жобасы ел президенті Владимир Зеленскийдің мақұлдауына жіберіледі.

Заңға сәйкес, президент, премьер-министр және орталық банктің басшысы сияқты жоғары лауазымды тұлғалар олигарх деп танылған адамдармен кез келген мәмілені жариялауы керек. Заң олигархты анықтап, билікке осы критерийлерге сәйкес келетін адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Құжаттың жарамдылық мерзімі шектеулі 10 жыл екені көрсетілген.

Олигархтарға саяси партияларды қаржыландыруға немесе мемлекеттік активтерді жекешелендіруге тыйым салынады. Зеленскийдің айтуынша, бұл ережелер Украинаны ондаған жылдар бойы елдің саяси жүйесін бүлдірген қуатты кәсіпкерлерден қорғау үшін қажет.

Заң Украинада Ұлттық Қауіпсіздік және Қорғаныс Кеңесі (ҰҚКК) құрастыратын арнайы "Олигархтардың тізілімін" құруды көздейтіні айтылды.

Еске салайық, Украина президенті маусым айының басында парламентке олигархтар туралы заң жобасын ұсынған болатын. Президент әкімшілігі бұл заң жобасы олигарх анықтамасына жататын адамдардың негізгі құқықтарын бұзбайды, тек осы адамдардың шеңберін анықтайды және олардың мемлекеттік қызметкерлермен ашық қарым -қатынас ережелерін бекітеді деп хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro