Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада президент сайлауы өтіп жатыр © ukranews.com

31 наурызда Украинада президент сайлауы басталды. Дауыс беру учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 наурызда Украинада президент сайлауы басталды. Дауыс беру учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Әзірге тәуелсіз сарапшылардың ешбірі кімнің жеңіске жететіні туралы болжам жасаған жоқ. Мамандардың ойынша, президент сайлауы екі кезеңге созылып, соңында үш фаворит қалады - қазіргі президент Петр Порошенко, Юлия Тимошенко және Владимир Зеленский. 

Биыл Украина президент сайлауына рекордтық кандидат түсіп отыр - 39 адам. Орталық сайлау комиссиясының соңғы күнінде 44 кандидат құжаттарын тапсырған. Алайда бес кандидат біршама уақыттан соң басқалардың пайдасы үшін өз кандидатурасын алып тастады. 

Егер бірінші кезеңде кандидаттардың бірі 50 пайыздан аса дауыс жинамаса, 21 сәуірде екінші кезең өтеді. Сайлауды бақылау үшін 19 ұйымнан және 17 мемлекеттен 2 мыңнан аса халықаралық бақылаушы қатысып жатыр. Мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети