21 наурыз 2021 | 10:15

Украинада туған әр бала 18-ге толғанда жер қойнауы байлығынан қаражат алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Украинада "экономикалық төлқұжаттар" енгізіледі, оған сәйкес елде туған балалар 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан дивиденд (үлеспайда) алады, Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Украинада "экономикалық төлқұжаттар" енгізіледі, оған сәйкес елде туған балалар 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан дивиденд (үлеспайда) алады, Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленский Конституцияға сәйкес жер қойнауы бүкіл Украина халқының меншігі екенін еске салды.

"Украина халқы деп саналып, жер қойнауын иеленіп, пайдалана алатын адамдар тізімі болған кезең артта қалды. Жақында біз менің сайлау алдындағы уәделерімнің бірін, оның ішінде, Украинаның экономикалық төлқұжатын жүзеге асыруды ұсынамыз.

Оған сәйкес, Украинада туған барлық бала 18 жасқа дейін Украинаның жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан қаражат ала алады, олар банктегі жеке депозиттік шотында жинақталады және кәмелетке толғаннан кейін оларды Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады", - деді Зеленский азаматтарға арналған бейне хабарламада. 

Сондай-ақ, президент жергілікті билік Украинаның кейбір аймағында карантиннің қатаңдауына түсініктеме берді.

"Меніңше, шаралар "шектеу бар, қолдау жоқ" не "ақша жоқ, бірақ шыдаңыздар" деген формат бойынша қабылдана алмайды. 

Қаңтарда Украинада локдаунның енгізілуімен қатар, менің тапсырмам бойынша, Үкімет қолдау кешенін дайындады: бұл адамдар мен бизнеске тікелей қаржылық көмек, балаларға көмек, ішінара жұмыссыздық бойынша өтемақы, салықтық демалыстар және басқа да бірқатар ынталандырулар", - деді президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети