Украинада жезөкшелікті заңдастыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада жезөкшелікті заңдастыру ұсынылды

Жоғарғы Радаға "жезөкшелікті және секс-мекемелердің қызметін реттеу" туралы заң жобасы түсті. Құжатты "Самопомощь" партиясының депутаты Андрей Немировский тіркеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жезөкшелік дамыған мемлекеттік реттеуді, жезөкшелердің әлеуметтік кепілдігін бекітуді, сонымен қатар бюджетке қаражат түсірудің қосымша қайнарын талап етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік реттеудің жоқтығы адам саудасының дамуына, зорлап мәжбүрлеудің дамуына әкеліп соғады, оның ішінде кәмелетке толмағандарды секс-бизнеске тарту көбейеді", - делінген заң жобасының түсіндірмесінде.

Құжатта жезөкшелік саласындағы құқықтық екіұштылық пен секс-мекемелердің криминалдық бизнестің негізі екендігі, ал мемлекеттік бюджеттің жезөкшеліктен салық немесе өзге де төлем түрлері ретінде табыс алып отырмағаны айтылады.

Осыған байланысты депутат жезөкшелік саласы мен секс-мекемелердің қызметін реттеуді нормалар бойынша бекітуді ұсынады. Оның айтуынша, бұл нормалар Еуропаның көптеген елінде қолданылады екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети