18 шілде 2014 | 13:52

Украинадағы апат жауапкершілігінің біраз бөлігін Ресей өз мойнына алуы тиіс - Австралия

ПОДЕЛИТЬСЯ

Австралия премьер-министрі Тони Эбботт кеше Украина аумағында апатқа ұшыраған Малайзия ұшағында өз елінің 27 азаматының қайтыс болуына байланысты жауапкершіліктің біраз бөлігін Ресей мойнына алатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап. Сондай-ақ, ол РФ Үкіметі тексеру жұмыстарына көмектесуді бастайтындығы туралы кепілдікті алу үшін Австралиядағы Ресей елшісі шақырылғандығын айтып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Эбботтың сөзінше, Boeing-777 ұшағы ресейлік қару арқылы ресейлік күштермен атылған болуы әбден мүмкін. Австралия Үкіметі Украинада орын алған ұшақ апатына байланысты халықаралық тәуелсіз тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Премьер-министр қарашада Брисбенде өтетін "Үлкен жиырмалықтың" саммитіне шақырылған РФ президентін қатыстырмау мүмкіндігін де атады. Оның сөзінше, Украинадағы ұшақ апаты үлкен қылмыс болып саналады, оған кінәлілер анықталып, жауапкершілікті өз мойындарына алуы керек. Сондай-ақ, қайтыс болған отандастарының туған-туыстарына көңіл айтқан ол: "Австралиялықтар қиын уақытта бірге болуы тиіс, бұл қаралы оқиға бүкіл әлемге ортақ", - дейді.

Елдің СІМ Джули Бишол әуе апаты орын алған аймаққа Варшавадағы Австралия консулдығынан  өз қызметкерлерін жіберетіндігін мәлімдеді. Оның сөзінше, жедел уақытта Boeing-777 ұшағының "қара жәшігін" жергілікті билік қайтаруы тиіс.

Кеше кешкілік Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған жолаушылар ұшағын әлдекімдер атып түсіріп, соның салдарынан 298 адам қайтыс болған еді. Мәскеу уақытымен 18:45 шамасында орын алған апат Ресей шекарасынан 50 шақырым жерде тіркелген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети