Украинадағы дүрбелең кезінде тұтқындалған азаматтар бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Киевтегі Голосеев ауданы сотының шешімінен соң, оппозициялық "Украина ұлттық қарсылық штабы" мәлімдеген. 14 ақпан күні тұтқындағы ең соңғы азамат босатылған. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың аяғында Украина парламенті дүрбелеңде тұтқынға алынғандардың ішіндегі аса ауыр қылмыс жасамағандарына рақымшылық жариялау туралы заң қабылдаған болатын. Егер де радикалдар басып алған әкімшілік мекемелерді 17 ақпанға дейін босатса, аталмыш рақымшылық күшіне енетіні айтылған-ды. Бұл рақымшылыққа Украина бойынша қарсылық акциясына қатысқан 266 азамат кірген болатын. Бәрімізге белгілі, 2013 жылдың қарашасында Украина министрлер кабинеті еуроинтеграцияға уақытша тосқауыл қойған еді. Осы жайт Украинадағы митингілер мен қарсылық акцияларының белең алуына себеп болып, соңы дүрбелеңге ұласты. 19 қаңтар мен одан кейінгі күндерде радикалдар мен құқыққорғау қызметкерлерінің қақтығысы орын алды. Осы қақтығыс кезінде 234 адам ұсталып, оның 140-ы қамалған болатын. Олардың біразы үйқамаққа алынған-ды. Сондай-ақ, тұтқында 15 адам қалғанын хабарлаған болатынбыз.
Украинадағы дүрбелең кезінде тұтқындалған азаматтар бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Киевтегі Голосеев ауданы сотының шешімінен соң, оппозициялық "Украина ұлттық қарсылық штабы" мәлімдеген. 14 ақпан күні тұтқындағы ең соңғы азамат босатылған.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың аяғында Украина парламенті дүрбелеңде тұтқынға алынғандардың ішіндегі аса ауыр қылмыс жасамағандарына рақымшылық жариялау туралы заң қабылдаған болатын. Егер де радикалдар басып алған әкімшілік мекемелерді 17 ақпанға дейін босатса, аталмыш рақымшылық күшіне енетіні айтылған-ды. Бұл рақымшылыққа Украина бойынша қарсылық акциясына қатысқан 266 азамат кірген болатын.
Бәрімізге белгілі, 2013 жылдың қарашасында Украина министрлер кабинеті еуроинтеграцияға уақытша тосқауыл қойған еді. Осы жайт Украинадағы митингілер мен қарсылық акцияларының белең алуына себеп болып, соңы дүрбелеңге ұласты. 19 қаңтар мен одан кейінгі күндерде радикалдар мен құқыққорғау қызметкерлерінің қақтығысы орын алды. Осы қақтығыс кезінде 234 адам ұсталып, оның 140-ы қамалған болатын. Олардың біразы үйқамаққа алынған-ды. Сондай-ақ, тұтқында 15 адам қалғанын хабарлаған болатынбыз.