16 маусым 2014 | 20:53

Украинадағы жағдай: Луганскінің 600 тұрғыны Ресейге эвакуацияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы жағдай дәл қазір ушығып тұр. Луганск және оған жапсарлас жатқан елді мекендердің шамамен 600 тұрғыны Ресейдің Воронеж облысына эвакуацияланбақшы, - деп хабарлайды өз-өзін Луганск халықтық республикасы деп жариялаушылардың Жоғарғы кеңесі аппаратының жетекшісі Лия Коваленкоға сілтеме жасаған РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Украинадағы жағдай дәл қазір ушығып тұр. Луганск және оған жапсарлас жатқан елді мекендердің шамамен 600 тұрғыны Ресейдің Воронеж облысына эвакуацияланбақшы, - деп хабарлайды өз-өзін Луганск халықтық республикасы деп жариялаушылардың Жоғарғы кеңесі аппаратының жетекшісі Лия Коваленкоға сілтеме жасаған РИА Новости.

2014 жылдың маусымынан бастап Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай күрт шиеленісіп кеткен. Осыған байланысты Украинаның шығыс өңірінен Ресейге ағылған азаматтар саны да артқан. Осындай жағдаймен маусымның басында Ростов облысы аумағына Украинаның шамамен 110 мың азаматы келген.

"Справедливая Россия" партиясының және балалар құқығы жөніндегі өкіл Павел Астаховтың көмегімен Воронеж облысына 600 адам эвакуацияланады" - дейді Коваленко. Қазір ішінде 22 әйел, 20 бала (оның үшеуі әлі бір жасқа толмаған) бар автобус жылжып кеткен.

Коваленконың айтуынша, Воронеж облысына жеткізілген азаматтар онда үш ай бола алады. Онда оларға жатын орын, азық-түлік беріліп, қажетті медициналық көмек те көрсетіледі. Егер Украинадағы жағдай тұрақтанбаса, онда Воронеж облысына бас сауғалап келушілердің мұнда болу мерзімі ұзартылатындығы да айтылады.

Украин әскерилері 15 маусымда Луганск маңында артиллериялық шабуыл жүргізген. Луганскіден 22 шақырымдағы Счастье елді мекеніндегі көпір алдындағы сарбаздардың тұрағына оқ жауған. Сондай-ақ Луганскіден бір шақырым жердегі Металлист ауылындағы сарбаздардың да қорғаныс шебі бұзылған.

Еске сала кетелік, Украинадағы жағдай 22 ақпанда шатқаяқтай бастады, осы кезеңде мемлекеттік төңкеріс болып, оның орнына келген жаңа билікті оңтүстік-шығыс өңірдің халқы мойындамады, сөйтіп егемендік үшін шерулер басталды. Киевтегі жаңа биліктің саясатына наразыларға қарсы сәуірден бастап авиация және бронды техникалар қолданылған арнайы әскери операциялар жүргізіліп жатыр деп мәлімделеді. Украинадағы бұл жағдайдан көптеген адам көз жұмған, арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети