21 ақпан 2014 20:41

Украинадағы сайлау 2014 жылғы желтоқсанда өтуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украинадағы тәртіпсіздікті тоқтатуға арналған келісім жобасы мерзімінен бұрын өткізілгелі отырған президенттік сайлауды 2014 жылғы желтоқсаннан қалдырмауды қарастырады, деп хабарлайды РИА Новости Аймақтар партиясының депутаты Владимир Олейникке сілтеме жасап. Депутат атап өткендей, ол келісім жобасында тараптар "Парламентте тиісті құжаттар қабылданғаннан кейін 2004 жылғы Конституцияға 48 сағаттың ішінде қайтып оралу; жаңа коалициялық үкіметті 10 күн ішінде құру; Украинада мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлауды 2014 жылы желтоқсаннан қалдырмау; биліктің мониторингі аясында елдегі орын алған бассыздыққа қатысты тергеу амалдарын жүргізу және Украинада төтенше жағдайды болдырмауға" келіскен. Олейниктің айтуынша бұл құжат қабылданғаннан кейін оппозиция өкілдері Үкіметті жасақтауға қатыстырылатын болады. "Украинаның 2004 жылғы Конституциясы бойынша елдің Ішкі істер министрін тағайындау құзыреті Жоғарғы Радада емес, Президент қолында. Сондықтан ол процеске Аймақтар партиясы да қатысатын болады", - деді ол. Еске сала кетейік, Украинада 2013 жылдың күзінде биліктің Еуропалық Одақпен ықпалдасудан бас тартып, Ресеймен қарым-қатынасты жандандыру жөніндегі шешімінен кейін жаппай қарсылық акциясы басталған. Бейбіт шеру уақыт өте келе қарулы қақтығысқа ұласты. Қақтығыстар салдарынан 80-ге жуық адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети