27 қазан 2014 20:40

Украинадағы сайлау: Дауыстардың жартысы саналғаннан кейін Яценюктің партиясы көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

13.50-дегі ақпарат бойынша (Астана уақыты бойынша 17.50) Орталық  сайлау комиссиясы парламентте кезектен тыс сайлаудың 51 пайыз хаттамасын қайта санап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОСК мәліметіне сілтеме жасап. Украинадағы сайлау кеше, 26 қазан күні өтті. 


13.50-дегі ақпарат бойынша (Астана уақыты бойынша 17.50) Орталық  сайлау комиссиясы парламентте кезектен тыс сайлаудың 51 пайыз хаттамасын қайта санап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОСК мәліметіне сілтеме жасап. Украинадағы сайлау кеше, 26 қазан күні өтті. 

Көпмандатты сайлау округінің қорытындысы бойыншы (партиялық тізім бойынша), Жоғарғы Радаға алты партия өтеді. Ал қазір Украина премьер-министрі Арсений Яценюк басқаратын "Халық майданы" партиясы көш бастап келеді. Бұл партияның еншісінде 21,6 пайыз дауыс бар. Одан кейін 21,44 пайызбен Петр Порошенконың "Блогы" тұрса, үшінші орында 11,16 пайыз дауыспен Львов қаласының мэрі Андрей Садовойдың "Өзіне өзі көмек көрсету" партиясы келеді. Жаңа парламентке "Оппозициялық блок" (бұрынғы Аймақтар партиясы) - 9,8 дауыспен және "Ляшко партиясы" 7,35 дауыспен өтіп тұр. Ал Жоғарғы Радаға өтуге мүмкіндік беретін алтыншы орында  Юлия Тимошенконың "Батькивщина" партиясы 5,67 дауыспен орналасқан. Бес пайыздық мөлшерге Жалпы урнаиналық бірлестіктің "Еркіндік" партиясына бірнеше ғана дауыс жетпей тұр. Exit-poll-дың мәліметі бойынша, бес пайыз дауыс Жоғары Радаға өтуге мүмкіндік береді. 

Ресейдің СІМ Сергей Лавров өз кезегінде Мәскеу Украинадағы сайлауды және оның қорытындысын мойындауға дайын екенін айтты. "Бүкіл Украина аймағында болмаса да, бұл сайлау өтті. Менің ойымша, біз бұл сайлауды мойындаймыз, өйткені елде бір бірімен күресетін емес, Украинаны Батыс пен Шығыс деп бөлмейтін, мемлекет алдында тұрған шынайы мәселелерді шешетін биліктің пайда болуы бұл біз үшін өте маңызды, - дейді министр Украинадағы сайлауға қатысты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети