Шотландиялық жұбайлар Украиндағы ұшақ апатынан аман қалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ВВС News-ке сілтеме жасап. Британиялық отбасы мүшелері Бэрри мен Иззи Сим және олардың ортақ балалары апатқа ұшыраған Boeing-777 Malaisian Airlines ұшағына билет жетпей қалудың арқасында өлімнен аман қалды. Олар Куала-Лумпурға ұшуға ниеттенгенімен KLM рейсіне тек бір ғана билет қалған.

Айта кететіні, кешегі Украинадағы апат кезінде Бірінккен корольдіктің 9 азаматы ажал құшты. "Біз сол ұшақта болуға тиісті едік", дейді Лим. Оның айтуына қарағанда, оқиғадан кейін ол өзін жақсы сезінбеген. Ол өмірге философиялық көзбен қарау керек дейді. "Найзағай ешқашан бір жерге екінші рет түспейді", - дейді азамат. Оның әйелі өз кезегінде болған оқиғаға тылсым күш әсер етті деп санайды. "Шамасы, бізге әлдекім қарады да: сіздер бұл рейспен ұшуға тиісті емессіздер" деді. Олар осы уақытқа дейін Malaysia Airlines-тың тұрақты әрі сенімді тұтынушысы болған және KLM рейсімен ұшуды ұнатқан екен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкілік Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған ұшақты әлдекімдер атып түсірген болатын. Әуеапатының салдарынан 298 адам қайтыс болды. Оның ішінде Мельбурндағы конференцияға бет алған 100 адам СПИД-пен күресушілердің қатарынан болған. Атып түсірген ұшақтың ішінде Қазақстан азаматтары болған жоқ. Бұл туралы еліміздің СІМ мәлімдеп отыр.