Украинада апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағында болған жолаушыларының туыстары бастапқы өтемақы ретінде 5 мың доллар алады, деп хабарлайды РИА Новости компанияның вице-президенті Хейба Гортерге сілтеме жасап.

"Ұшақта болған жолаушылардың туыстары қаржылық қиындықтарды өткеріп жатқанын түсінеміз. Сондықтан да біз олардың бастапқы шығындары үшін бес мың доллар береміз", - дейді ол. Украинадағы апатқа ұшыраған ұшақ туралы түсініктеме беріп жатқан кезде. Сонымен қатар Malaysia Ailrines компаниясының вице-президенті ұшақтың радар бетінен жоғалып кеткенге дейін оның барлық жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оның айтуына қарағанда, Boeing-777 украиналық диспечерлер талап еткендіктен жоспар бойынша бекітілген жылдамдықтан төмен ұшқан,
Сондай-ақ Гортердің айтуынша, ұшақтың ұшу биіктігі жоспар бойынша 10,66 шақырым болған, бірақ диспечерлердің талабы бойынша 10,05 шақырымға дейін төмен түскен. Еске салайық, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақта ел азаматтарының болмағанын мәлімдеді.