Архангельскіде тұрғындардың шағымынан кейін әзілкеш Максим Галкиннің 14 наурызда өтуі тиіс концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Поморье мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясына сілтеме жасап.
Архангельскіде тұрғындардың шағымынан кейін әзілкеш Максим Галкиннің 14 наурызда өтуі тиіс концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Поморье мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясына сілтеме жасап.
Әртістің Украинаға қатысты пікірі ұнамаған мыңдаған тұрғын, қойылымға алған билеттерін қайтару үшін драма театр кассасына келген.
"Елде қиын кезең орын алып жатыр. Ал бұл адам Ресейге қарсы, түбегейлі қарсы. Күлкілі емес. Тіпті сөз жоқ", - деді көрермендердің бірі.
"Ресей Федерациясының әртісі Ресейге қарсы сөйлеп тұр ма? Украинаны жақтап тұр ма? Украинаның сөзін сөйлесе неге Украинаның еңбек сіңірген әртісі болмады? Қиын уақытта біздің жігіттер біздің мүддемізді қорғап жатқанда, күлуге хақымыз жоқ", - деді тағы бір көрермен.
Нәтижесінде концертті ұйымдастырушылар жұртшылықтың наразылығына байланысты шараны тоқтату туралы шешім қабылдады.
Галкиннің өзі жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Ол тек Архангельск телевидениесінің репортажын жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Максим Галкин 24 ақпанда Украинадағы қақтығыс туралы пікір білдіргендерің бірі. "Таңертеңнен бері Украинадағы туыстарыммен, достарыммен байланыстамын! Менің сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Мұның бәрі өтірік секілді, сене алмаймын! Соғысты ақтауға болмайды! Соғыс тоқтауы керек!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Галкин өз ұстанымын айтқаннан кейін федералды телеарналар оның қатысуымен болатын "Уралсиб" банкінің жарнамасын эфирден алып тастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!