Украиналық депутат Рада отырысына шапан киіп барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Украиналық депутат Сергей Нагорняк Жоғарғы Рада отырысына Қазақстан туының түстерінен жасалған киіммен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украиналық депутат Сергей Нагорняк Жоғарғы Рада отырысына Қазақстан туының түстерінен жасалған киіммен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сергей Нагорняк Украинаның Жоғарғы Радасына Черкассы облысының атынан шыққан. Ол - "Слуга народа" саяси партиясы фракциясының мүшесі, Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі.

16 желтоқсанда Жоғарғы Рада отырысында депутат сөз алып, әріптестерін Қазақстан халқын құттықтауға шақырды.

"Бүгін көпшілік менің киіміме назар аударды. Бұл кездейсоқ емес. Киімім біздің достас мемлекетіміз - Қазақстанның түсінде. Бүгін Қазақстан тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуын атап өтіп жатыр. Мен оларды Жоғарғы Рада ұжымының атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Бүгінгі таңда біздің сауда балансымыз бір миллиард доллардан сәл аз. Біз оны екі-үш есе емес, он есе ұлғайта аламыз деп ойлаймын. Біздің достық тобымыз бүгінде 40 депутаттан тұрады, бұл үшін бәріміз бірге жұмыс істейміз. Қазақ достарымызды Тәуелсіздік күнімен қошеметпен құттықтаймыз", - деді Сергей Нагорняк.

Айта кетейік, украиналық депутат көк костюм киген, жейдесінде Қазақстан туының элементтері бейнеленген. Ол Facebook желісіндегі парақшасында суретін жариялады. Онда Нагорняк қара шапан кигенін де көруге болады.

"Тарихымыз ортақ, дәстүріміз ұқсас. Бірақ ең бастысы көзқарасымыз ұқсас, демек, болашағымыз да ортақ. Мен сіздерге сенемін, Қазақстанның ұлы халқы! Достығымызды бағалаймын! Тәуелсіздік күні құтты болсын! 30 жылдықпен құттықтаймын!", - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro