Украиналық елші Таиландта өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық елші Таиландта өлі табылды Фото: Украинаның Таиландтағы елшілігі

Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Associated Press басылымының мәліметінше, 45 жастағы Андрей Бешту шамамен таңғы сағат 06.30-да қонақүйдегі бөлмесінен өлі табылған. Елшінің ұлының сөзінше, оның жағдайы жақсы болған. Таңертең дипломат оянған кезде улану симптомдары байқалған, артынша есінен танып қалған.  

Таиланд полициясының мәліметінше, ер адамның денесінде зорлық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, украиналық елші жүрегі ұстап, қайтыс болуы мүмкін. 

Дипломаттың денесі жергілікті ауруханаға жеткізілген, содан кейін өлім себебін анықтау үшін Бангкоктегі полиция госпиталіне жеткізілген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети