Дмитрий Фирташ. Фото svit24.net
Венада 12 наурызда кешқұрым АҚШ ФТБ-ның сұрауы бойынша австриялық құқық қорғаушылар украиналық олигарх Дмитрий Фирташты тұтқындады, - деп хабарлайды австриялық БАҚ өкілдері. derStandard.at басылымы таратқан мәліметке қарағанда, 48 жастағы кәсіпкерге пара алды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған. Қазір тұтқын Йозефштадттағы түрмеде күзетшілердің бақылауында. Ресейлік БАҚ миллиардер Фирташты майдандағы тәртіпсіздік пен Украинадағы жаңа биліктің бас демеушісі деп атады. Сондай-ақ Фирташ пен украиндық бай азаматтардың бірі Ринат Ахметов бірлесіп Виктор Януковичтің орнынан кетуіне ықпал еткен деген болжам бар. Бірақ, BBC News-тің австрия құқық қорғаушыларынан алған мәліметі бойынша, ФТБ олигархты 2006 жылдан бері іздестіруге кіріскен және оны тұтқындаудың Украинадағы жағдайға еш қатысы жоқ болып шықты. Фирташтың тұтқындалуына Украинадағы жағдайдың қатысы жоқтығын америкалық тарап та растап отыр, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы. Дмитрий Фирташ Украинадағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның байлығы шамамен 3,3 миллиард долларға тең келеді. Олигархтың еншісінде халықаралық Group of Dmitry Firtash холдингтік компаниясы бар. Одан бөлек кәсіпкерге RosUkrEnergo-ның акциялары да тиесілі.
Венада 12 наурызда кешқұрым АҚШ ФТБ-ның сұрауы бойынша австриялық құқық қорғаушылар украиналық олигарх Дмитрий Фирташты тұтқындады, - деп хабарлайды австриялық БАҚ өкілдері. derStandard.at басылымы таратқан мәліметке қарағанда, 48 жастағы кәсіпкерге пара алды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған. Қазір тұтқын Йозефштадттағы түрмеде күзетшілердің бақылауында.
Ресейлік БАҚ миллиардер Фирташты майдандағы тәртіпсіздік пен Украинадағы жаңа биліктің бас демеушісі деп атады. Сондай-ақ Фирташ пен украиндық бай азаматтардың бірі Ринат Ахметов бірлесіп Виктор Януковичтің орнынан кетуіне ықпал еткен деген болжам бар.
Бірақ, BBC News-тің австрия құқық қорғаушыларынан алған мәліметі бойынша, ФТБ олигархты 2006 жылдан бері іздестіруге кіріскен және оны тұтқындаудың Украинадағы жағдайға еш қатысы жоқ болып шықты. Фирташтың тұтқындалуына Украинадағы жағдайдың қатысы жоқтығын америкалық тарап та растап отыр, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы.
Дмитрий Фирташ Украинадағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның байлығы шамамен 3,3 миллиард долларға тең келеді. Олигархтың еншісінде халықаралық Group of Dmitry Firtash холдингтік компаниясы бар. Одан бөлек кәсіпкерге RosUkrEnergo-ның акциялары да тиесілі.