Украиналық олигархтар мен кәсіпкерлер чартерлік рейстермен елден ұшып жатыр - БАҚ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық олигархтар мен кәсіпкерлер чартерлік рейстермен елден ұшып жатыр - БАҚ Көрнекі сурет: ©Tengrinews.kz

Украин олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатыр, тек жексенбі күні Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақтар шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украин олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатыр, тек жексенбі күні Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақтар шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 6 жыл ішінде мұндай көлемде чартерлер ұшпаған.

Жексенбі күні Украинадан шыққан чартерлер мен жеке ұшақтардың арасында Ринат Ахметов пен Борис Колесниковтің де ұшағы бар.

Колесников порталға берген түсініктемесінде Киевте екенін, ешқайда кетпейтінін айтқан. Оның айтуынша, ұшақ Прагаға техникалық қызмет көрсету үшін ұшқан.

50 адамға арналған жеке ұшаққа оппозициялық депутат, миллионер Игорь Абрамович те тапсырыс берген. Дереккөз бұл ұшақ партия мүшелерінің туыстарын, сондай-ақ Абрамовичтің іскер серіктестерін Киевтен Венаға алып кеткенін айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети