21 маусым 2014 12:34

Украиналық шекарашылар Ресейде бас сауғалап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

 Украиналық шекарашылар ополченецтермен қақтығыстан қашып, Ресейде бас сауғалап жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Ростов облысындағы Ресей ФҚҚ шекара басқармасының өкілі Василий Малаев мәлім етті. 

Хабарламадан мәлім болғаны, 80 украиналық шекарашы ополченецтердің атқан оғынан бас сауғалауп түнде "Изварино - Донецк" пункті бойынша Ресейге өткен.  

"Украинаның "Изварио" пункінен 80-нен астам шекарашы Ресей аумағына өтті. Олардың екеуі жараланған" дейді Малаев. Оның айтуынша, жаралыларға дәрігерлік көмек көрсетілген. Қазіргі таңда Ресей мемлекеттік  шекарасының осы аумағын қосымша бекіту қолға алынды. 

Бұған дейін Ресейдің Новошахтинск пунктін Украина тарапынан минометпен атқыланғандығы хабарланған болатын. Нәтижесінде ол жердегі ғимараттар, инженерлік коммуникациялар қирап қалды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети