Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланғандарға тас лақтырып, шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланғандарға тас лақтырып, шабуыл жасады Фото: РБК-Украина

Украинада Полтавская облысы Новые Санжары ауылында митингіге шыққандар қытайлық Уханнан эвакуацияланғандар отырған автобусқа шабуыл жасады. Бұл туралы РБК-Украина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада Полтавская облысы Новые Санжары ауылында митингіге шыққандар қытайлық Уханнан эвакуацияланғандар отырған автобусқа шабуыл жасады. Бұл туралы РБК-Украина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шабуыл кезінде митингіге шыққандар автобустың терезелерін сындырған. Ал жолаушылар салон ішінде болған балаларды тастан қорғаған.

"Уханнан эвакуацияланғандар балаларын сырттан ұшып кіріп жатқан тастардан қорғады. Украинаға қош келдіңдер, жерлестер! Қытайда жүріп бізде бәрі қалай болатынын ұмытып қалған шығарсыңдар?", - деп жазды журналист Юрий Ткачев. 

Митингіге қарамастан автобустар Украина ұлттық гвардиясының "Новые Санжары" медициналық орталығына кіре алды, артынша санатория қақпасы жабылды. Артынша жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс болған. 

Автобустарда Украинаның 45 азаматы мен 28 шелелдік (Аргентина, Эквадор, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Коста-Рика, Черногория, Панама және Израиль азаматтары) отырған.

Украинадағы шеру туралы әлемдік БАҚ жазып жатыр. 

"Украинада коронавирустан эвакуацияланғандарды қақтығыс, келемеж және өртенген дөңгелектер күтіп алды", - деп жазды REUTERS. 

"Украинада коронавирус туралы жалған ақпарат митингіге алып келді", - деп жазды The Daily Beast. 

Associated Press-тің мәліметінше, митингіге шыққандардың бірі көлігімен полиция кордонына соқтығысуға тырысқан. 9 полицей мен бір тұрғын ауруханаға түскен, 10 адам ұсталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети